Алматыда чирлидингтен халықаралық чемпионат өтіп жатыр
Алматыда чирлидингтен үшінші халықаралық чемпионат өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Жарыс жолына Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 700-ге жуық спортшы шықты.
Чемпионатқа жалпы саны 50 команда тіркелген. Байрақты бәсеке кешке дейін жалғасады. Қатысушылар бірнеше аталым бойынша топтық, жұптық және үштік құрамда өнер көрсетеді. Спортшылардың жас ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі балалар, оқушылар, жасөспірімдер және ересектер категориясы бойынша үздіктерді анықтайды. Кәсіби спортшылардан құралған қазылар алқасы қатысушыларды акробатика, көркемдік, қозғалыстың нақтылығы мен үйлесімділігіне ерекше назар аударады. Сондай-ақ аталған спорт түріндегі талаптардың дұрыс орындалуын қатаң бақылайды.
Анастасия Князькова, чирлидингтен III Халықаралық чемпионаттың ұйымдастырушысы:
- Ең алдымен біз барлық елдердегі спортшыларды біріктіргіміз келді. Ең бастысы – балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Чемпионаттың ауқымы екі есе артып, қарқын алып келеміз. Алдағы уақытта бұдан да үлкен әрі әсерлі болады. Біз келесі жарыстарды одан әрі дамытамыз.
Айбек Қапар, спортшы:
- Біріншіден, бұл үлкен эмоция, адреналин, гармондар бөлінеді. Өйткені бұл экстремалды спорт. Маған бірінші курста іріктеу болған кезде сол сабақ ұнаған. Сол себепті мен қазір қатысып, күшті эмоциялар алып жатырмын.