Елена Рыбакина WTA рейтингінде тағы төмендеді

Елена Рыбакина рейтингіде тағы төмендеді, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Римдегі турнирде жеңілгеннен кейін бір сатыға шегініп, 12-орынға жайғасты. Бір жыл бұрын отандасымыз аталған рейтингтің алғашқы бестігінде болатын. Рейтингтің бірінші сатысында бұрынғыша Арина Соболенко келеді. Америкалық Кори Гауфф екінші орнын сақтаса, оның отандасы Джессика Пегула үздік үштікті түйіндеді. Ал Қазақстанның тағы бір теннисшісі Юлия Путинцева болса, үш сатыға төмендеп, 32-орынға жайғасты. Жапониядағы Куруме турнирінде чемпион атанған Зарина Дияс бірден 43 сатыға жоғарылап, 318-ден 275-ке ауысты.