Александр Шевченко «Ролан Гаррос» іріктеу сайысында жартылай финалға шықты

Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысын жеңіспен бастады, деп хабарлайды 24kz.

Жерлесіміз іріктеу додасының ширек финалында рейтингіде 157-орындағы жапониялық Шинтаро Мочизукимен кездесті. Бірінші партияда жапониялық теннисшіге есе жіберген жерлесіміз екінші, үшінші сетте айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екі сағат 27 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Шевченко 5 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың жетеуін сәтті пайдаланды. Енді ол іріктеу сайысының жартылай финалында рейтингіде 268-сатыдағы франциялық Матис Эрхардпен шеберлік байқасады. Ал тағы бір қазақстандық, әлемнің 230-ракеткасы Бейбіт Жұқаев рейтингіде өзінен үш саты жоғары тұрған америкалық спортшыға жол берді.