Баскетболдан Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы анықталды
Қазақстан астанасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасының финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
Жарыстар Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен өтті.
Сонымен қатар еліміздің әр өңірінен үздік командалар жиналды.
Ақтық сын - еліміздегі мыңдаған мектеп пен миллиондаған оқушыны қамтыған ауқымды республикалық жобаның шарықтау шегіне айналды.
Баскетбол жарысында Түркістан облысынан келген Далабазар мектебінің оқушылары жеңіске жетті. Күміс жүлдені Жамбыл облысындағы №24 мектеп-гимназиясы иеленді. Астана қаласындағы №62 мектеп-лицейінің жас баскетболшылары үздік үштікті түйіндеді.
Марапаттау рәсіміне Қазақстан ҰОК-нің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.
Айта кетейік, 2025 жылы Ұлттық мектеп лигасы 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне арналған іс-шаралар аясында өтіп жатыр. Бұл жобаның олимпиадалық құндылықтарды қалыптастырудағы маңызын айқындай түседі.
olympic.kz