UFC чемпиондары Астанаға жиналды
Аралас жекпе-жек бойынша аты аңызға айналған спортшылар ALASH PRIDE лигасының 15 жылдығына арналған жекпе-жек кешінде өнер көрсетпек.
Атап айтқанда, қатысушылар тізімінде UFC чемпионы болған америкалық Алджамейн Стерлинг, олимпиада чемпионы әрі UFC-дің чемпионы америкалық Генри Сехудо, бразилиялық спортшылардан Алан Патрик, Ренан Барао, Деанрадо Фигередо, Раулиан Пайва және Вилингтон Лобо бар. Ал оларға қарсы өзіміздің, яғни қазақтан шыққан аралас жекпе-жек шеберлері айқасады. Бас-аяғы 10 кездесу ұйымдастырылады. «Біздің қатарымызда алғаш жекпе-жекке шыққан спортшылар кейін әлемдік ареналарда өнер көрсетті. Сондықтан бұл тек спорттық сайыс емес – қазақ жауынгерінің рухы мен мінезін әлемге танытатын мүмкіндік. Біздің ұйым қазір елімізден тыс жерлерде білетін брендке айналды», деді Мәжіліс депутаты әрі ұйымның негізін қалаушысы Данияр Қасқарауов. Айта кетейік, мерейтойлық турнир бүгін Астанадағы жекпе-жек сарайында өтеді.
Данияр Қасқарауов, Alash Pride негізін қалаушысы
Бокстан халықаралық турнир
Төрехан жеңді, Оразбек жеңілді. Таиланд астанасы Банкок қаласында бокстан халықаралық турнир жалғасып жатыр. Оған бас-аяғы 20 боксшымыз аттанды. Яғни, ерлер арасында 10, қыздар арасында 10 спортшымыз сынға түседі. Кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша жігіттер арасында қос боксшымыз жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды. Атап айтқанда, 70 келідегі Төрехан Сабырхан филиппиндік қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Тіпті, екінші раундта қарсыласын бірнеше рет есеңгіретіп, төреші нокдаун ашуға мәжбүр болды. Артынша 90 келідегі Данияр Рахымбердиев те украиналық боксшыдан басым түсті. Ал, 60 келідегі Оразбек Асылқұлов жергілікті боксшыдан жеңілді. Аса ауыр салмақтағы Даниял Сапарбай да есе жіберді. Ол үндістандық боксшымен кездескен болатын. Әйелдер арасындағы сында Виктория Графеева сингапурлық қарсыласын жеңіп, жарысты жалғасыруға мүмкіндік алды. Ол да ширек финалға шықты. Ал Назерке Серік Таиланд қызынан жеңіліп, жарысты аяқтады. Банкок қаласындағы бокс бәсекесі 1 маусымға дейін жалғасады.
Руслан Мәдиев пен Хорхе Баталья кездеседі
Руслан Мәдиев Хорхе Батальямен кездеседі. Қазақстандық кәсіпқой боксшының кезекті қарсыласы мен кездесу өтетін орны белгілі болды. Руслан Мәдиев 6-шы маусым күні мексикалық Хорхе Батальямен жолығады. Ал жекпе-жек кеші Испанияның Льорет де Мар қаласында өтеді. Айта кетейік, жартылай орта салмқата өнер көрсететін Руслан бүгінше дейін 19 кездесу өткізіп, 17-сінде жеңіске жетті. Қарсыласының көрсеткіші 16 жекпе-жек, 11 жеңіс. Рейтингтік жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтеді. Еске салайық, Руслан Мадиевтің алдыңғы жекпе-жегі бірінші ақпан күні Бангкокта өткен болдатын. Ол жерде отандасымыз филиппиндік Али Канеганы төрешілердің шешімімен ұтып, өзіне тиесілі WBA Asia чемпиондық белдігін сәтті қорғады.