Үстел теннисінен 2027 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді

Мұндай шешім Халықаралық үстел теннисі федерациясының Бас ассамблеясы отырысында қабылданды, деп хабарлайды 24kz.

Алғашқы кезеңнің қорытындысы бойынша АҚШ ең аз дауыс жинап, келесі кезеңге Қазақстан мен Франция өтті. Ал финалда Қазақстан 54%-тен астам дауыс жинады. Осылайша, еліміз тарихта алғаш рет үстел теннисінен басты турнирді қабылдағалы тұр. 2028 жылғы әлем чемпионаты Жапонияның Фукуока қаласында, ал 2029 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.