12 боксшымыз Бангкоктағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шықты
12 боксшымыз жартылай финалда. Тайланд астанасы Банкок қаласында былғары қолғап шеберлері арасындағы халықаралық турнир жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Қазіргі уақытта жартылай финалға шыққандардың толық тізімі белгілі болды. Оның ішінде 12 бірдей жерлесіміз бар. Яғни, жарысқа аттанған 20 ұлттық құрама өкілінің 12-сі жүлдеге ілікті деген сөз. Ал, енді ол алтын бола ма, күміс бола ма, не қола бола ма, оны алдағы күндері көреміз. 12 спортшының 7-еуі ерлер арасында, 5-еуі әйелдер арасында өнер көрсетеді. Атап атйқанда, ерлерден Нұрзат Оңғар, Нұрсұлтан Алтынбек, Дулат Бекбауов, Төрехан Сабырхан, Диас Молжігітов, Бекзат Таңатар және Данияр Рахымбердиев жарысты жалғасытырады. Әйелдер арасында Виктория Графеева, Наталья Богданова, Надежда Рябец, Гүлсая Ержан және Елдана Таліпова шаршы алаңға шығады. Жартылай фниалдық кездесулер бүгін өтеді. Ал, Банкок қаласындағы бокс бәсекесінің жалпы қорытындысы 1 маусымда белгілі болады.