Астанада арғымақтар сайысы басталды
Айтулы атбегілер Астанаға жиналды.
Бүгін елордадағы «Арғымақ» сауықтыру кешенінде конкур бойынша Еуразиялық лиганың әлем кубогы кезеңі, сондай-ақ атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир басталды.
Дүлділдер дүбіріне алыс жақыннан 60-қа тарта спортшы келген екен. Олар үш күн бойы конкур және түрлі деңгейдегі атпен мәнерлеп жүру сайыстарында өз шеберліктерін көрсетеді.
Арғымақтар сайысы қалай өтіп жатыр?
Әлішер Әли, тілші