Ұлттар лигасы: Қазақстан әйелдер құрамасы Люксембургке есе жіберді
Қазақстан Люксембургке есе жіберді. Кеше футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы UEFA Ұлттар лигасы аясында аталған құрамамен сынға түсті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл ойынның екі құрама үшін маңызы зор. Себебі қай жеңгені алдағы маусымда В лигасында бақ сынайды. Кездесу барысында қазақстандық құрама сапынан Қазына Нұрбаева 5-минутта алаңнан қуылды. Ол қақпашымен бетпе-бет шығуға жақын қалған қарсыласын құлатты. Соған қарамастан бірінші кезеңде қазақстандық футболшылар алға қарай ұмтыла түсті. Нәтижесінде айып добын шебер орындаған Камила Жұмабайқызы өз құрамасын алға шығарды. Екінші кезеңде люксембургтік футболшылар үш гол соғып кетті. Салдарынан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Осылайша, жерлестеріміз өз тобында 10 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Ал 16 ұпай жинаған Люксембург өз тобында бірінші орын алып, В лигасына жолдама алды.