Маис Алиев еркін күрестен Азия чемпионатында топ жарды

Маис Алиев – Азия чемпионы. Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінілер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Жарыстың соңғы күндері еркін күрес бойынша бәсекелер өткен еді, деп хабарлайды 24kz.

Ұлттық құрама өкілдері жеті мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 70 келідегі Маис Алиев барлық қарсыластын айқын басымдықпен ұтты. Маңғыстаулық балуан финалда қырғызстандық Адис Рахатұлымен кездесіп, 12:5 есебімен жеңді. Бұған қоса, 61 келідегі Мерей Базарбаев та финалға дейін жетіп, бірақ ақтық сында үндістандық Нихил Нихилға есе жіберді. 97 келідегі Нұрдәулет Бекенов та финалда үндістандық спортшыдан жеңілді. Яғни, қоржынымыздға қос күміс түсті. Ал, 74 келідегі Нұрдәулет Сейілбеков, 79 келідегі Асхаб Хаджиев, 86 келідегі Елнар Шілдебай және 125 келідегі Әлімжан Сәлімжан қолаға қол созды.