Астанада бокстан Әлем кубогы өтеді

Ұлыбритания мен Германия құрамалары Астанаға келді, деп хабарлайды 24kz.

Бұнда бірер күннен кейін бокстан Әлем кубогы басталады. Бұл отандық спорт үшін өзіндік тарихи оқиға болмақ. Өйткені еліміз алғаш рет World Boxing ұйымының дүнижүзілік додасын қабылдағалы отыр. Оған 30-дан аса елдің командалары қатысады. Байрақты бәсекенің өзі 30 маусымда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады.