Әлем кубогы: боксшылар жарысты жеңіспен бастады
Әлем мықтылары Астанаға жиналды, деп хабарлайды 24kz.
Бұнда қазір бокстан Әлем кубогы өтіп жатыр. жарыстың алғашқы күні өте тартысты өтті және күтпеген нәтижелер тіркелді.
Аслан Қаженов, тілші:
- Төрт боксшымыз жеңді. Біреуі жеңілді. Астанада бокстан Әлем кубогы басталды. Айта кету керек, еліміз алғаш рет World Boxing ұйымының дүниежүзілік додасын қабылдап жатыр. Оған 30 елден 300-ге жуық қатысушы жиналды және жарыстың алғашқы күні күтпеген нәтижелер тіркелді. Әсіресе, 70 келідегі Абылайхан Жүсіпов жекпе-жек барысында қабағы жарылып, турнирді аяқтауға мәжбүр болды. Ал, әйелдер арасында 48 келідегі Назым Қызайбай канадалық Приянка Диллонды айқын басымдықпен ұтты. Артынша 54 келідегі Әнел Сақыш сәтті дебют жасап, германиялық Татьяна Обермайерден басым түсті. Кешкі сессияда жеңіс жолын 60 келідегі Виктория Графеева мен 70 келідегі Наталья Богданова жалғады. Яғни, олар да қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті. Астанадағы әлемдік аламан 6 шілдеге дейін жалғасады.