Бокстан Әлем кубогы: Махмұд Сабырхан ширек финалға өтті
Қазақстан құрамасының өкілі Махмұд Сабырхан бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің ширек финалына өтті.
Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
1/4 финалға шығу үшін ол оңтүстіккореялық Шин Чжэенмен өзара мықтыны анықтады.
Махмұд Сабырхан бірінші раундтан-ақ керемет бокс үлгісін көрсетіп, қарсыласын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
olympic.kz