Әлем кубогы: Серік Теміржанов ширек финалға шықты

olympic.kz

Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Серік Теміржанов бокстан елордада өтіп жатқан Әлем кубогында алғашқы кездесуін өткізді.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.

Серік Теміржанов 1/8 финалда аустралиялық Джейкоб Кассармен өзара мықтыны анықтады.

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, шешуші раундта Теміржанов жеңісті жұлып алды.

Осылайша, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) ширек финалға шықты.  

olympic.kz