Теннистен ел үздіктері анықталып жатыр
Ел үздіктері елордадаға жиналды.
Астана қаласының әкімдігі Теннис федерациясымен және Спорт министрлігімен бірлесе ерекше бастаманы қолға алды. Яғни, теннистен 10 жасқа дейінгі балалар арасында аймақтық турнирлер өткізді. Жобаның өзі, сәйкесінше, «Аймақтар Кубогы» деп аталады. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпірінде арнайы жарыстар ұйымдастырып, талантты балалар іріктелініп алынды. Жеңіске жеткен өрендер, яғни Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс аймақтарының мықтылары енді Астанаға жиналып, республикалық деңгейде бас жүлдені сарапқа салып жатыр. Айта кету керек, 12 қаладан бас-аяғы 48 жас спортшы жиналды. Яғни жарыс талабы бойынша әр өңір 6 ұл және 6 қыздан жіберді. Енді олар айналмалы жүйе бойынша жекелей және жұптық кездесулер өткізеді. Бастама тасада қалған таланттары анықтап, олардың барынша шеберлігін шыңдауына және байрақты бәсекелерге қатысуына жол ашады дейді мамандар.
Бекарыс Әмірбек, жарыстың бас төрешісі:
Нұрлан Сәлімгереев, Астана әкімдігі "Дәулет" МКҚК басшысының орынбасары:
- Жарыс қатысушылары біздің теннис орталығында орналасты. Яғни осында жатып, тамақтанып және тенниспен шұғылдауға мүмкіндік бар. Біз барынша болашақ чемпиондарды қазірден анықтап, оларқа жан-жақты қолдау танытқымыз келеді. Біздің жарыста көзге түскен өрендер кейін әлемдік деңгейдегі жұлдыстарға айналады деген үміттеміз.
Елімізде әуесқойлар лигасы басталды
Қазақстан футбол федерациясы тасада қалған таланттарды тауып, кәсіпқой командалар қатарына қосуға дайын. Осы мақсатта әуесқойлар лигасын қолға алды. Яғни еліміздің барлық аймағында әуесқой командалар арасында арнайы турнир ұйымдастырылады. Қазірдің өзінде тізімге 268 команда тіркеліп үлерді. Айта кету керек, аладоп аламаны үлкен футбол форматында болады. Яғни алаңға он бір ойыншыдан шығады және оның талаптары кәсіпқой футболдан кем емес. Әр аймақтың үздіктері күзде Астанада бас қосып, ел чемпионын анықтайды. Кейін жеңіске жеткен команда футболдан Қазақстан кубогына қатыса алады. Бұған қоса Қазақстан чемпионатына да жол ашылады. Яғни екінші лигада өнер көрсетеді. Кәсіпқой клубтармен иықтиірестіре бәсекеге түседі деген сөз. Бұған қоса УЕФА-ның әуесқой командалар арасындағы әлемдік аламаны бар. Соған қтысыуға да көмектесеміз дейді федерация мамандары. Нақты сандарға тоқтала кетейін, әуесқойлар лигасы аясында 268 команда, яғни, 5 мыңнан аса ойыншы 34 алаңда 1500 ойын өткізеді деп жоспарланып отыр.
Мұрабек Биманов, ҚФФ БАҚ және қоғаммен байланыс департаментінің директоры
Каратэден Азия чемпионатын қабылдаймыз
Алдағы жылы каратэден Азия чемпионатын қабылдаймыз. Бұл жөнінде туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев мәлімдеді. Ол елордадағы «Қазақстан Оупен» жарысына арнайы келіп, халықаралық турнирдің барысын бақылады. Бұнда 6 елдің 600 жуық спортшысы бірнеше күн бойы өзара мықтыны анықтаған болатын. Жарыс барлық жас деңгейі бойынша, яғни балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер санатында болды. Жалпы Қазақстан каратэ федерациясының осындай ауқымды жарыстар өткізудегі тәжірибесі мол. Осыны ескерген халықаралық федерация енді алдағы жылы ересектер арасындағы Азия чемпионатын біздің елде ұйымадастыру туралы ұсыныс тастаған. Қазір енді оның жай-жапсары талқыланып жатыр. Байрақты бәсеке елдегі каратэнің дамуына және спорттық көрсеткіштеріміздің жақсаруына өз үлесін қосары анық дейді вице-министр.
Серік Жарасбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі