Қарқаралыда дәстүрлі марафон өтті

Қарқаралы қаласында «Bygyly Trail Qarqaraly – 2025» атты дәстүрлі трейл марафоны өтті.

Биыл бұл ауқымды спорттық-мәдени іс-шара үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Оның тәртібі бойынша желаяқтар таулы, орманды жермен белгіленген қашықтықты жүгіріп өтуі тиіс. Марафонның басты мақсаты – аймақтың туристік және мәдени әлеуетін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ішкі туризмді дамыту. Жарысқа 500-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында Ресейден, Испаниядан келген желаяқтар бар. Жеңімпаздар медальмен, алғыс хатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарыс соңы қала күніне арналған концертке ұласты.

Педро Визуэте Кастро, Qarqaraly Bugyly Trail марафонының жүлдегері:

- Мен қазір Алматыда жұмыс істеймін. Испан тілінен сабақ беремін. Жүгірумен кәсіби түрде айналысамын. Қарқаралының таулы өлкесі, табиғаты маған қатты ұнады. Жүгіру жолы жақсы дайындалған. Жарысқа келгеніме қуаныштымын.