«Астана»- «Зимбру» матчына дайындық басталды
16 елдің үздіктері Алматыда бас қосты.
Бұнда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды. Оған 16 елден 230-дан аса спортшы қатысады. Жарыс 5 жас деңгейі бойынша өтеді. Жекелей және жұптық сындар бойынша медальдар сарапқа салынады.
«Астана» өз алаңында «Зимбруды» қабылдайды. Бүгін футболдан Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында қазақстандық және молдовалық клубтар жолығады. Айта кету керек, бұл іріктеу кезеңінің екінші айналымы. Қос команда да қазір елордада матч алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. «Астана Аренада» болатын кзедесуде жергілікті команда сөзсіз фаворит саналады. Футбол жанкүйерлері де, футбол мамандары да «Астанадан» жеңіс күтіп отыр. Өйткені қазақстандық клубтың еурокубоктардағы тәжірибесі жоғары. Оның үстіне қазір Қазақстан чемпионатында жақсы ойнап, турнир тізімінде топ бастап тұр. Мәселен, соңғы матчта «Тұран» командасын 7:0 есебімен жеңді. Енді осы қарқынмен алдағы ойында да айқын басымдық танытуы қажет. «Бұл жауапкершілікті футболшылар да жақсы түсініп тұр және аталмыш мүмкіндікті максималды пайдаланмыз», - деді команда капитаны Абзал Бейсебеков арнайы баспасөз мәслихатынды. Айта кетейік, бүгін жергілікті уақытпен 19:00-де қос команда арасындағы алғашқы матч басталады. Ал қарымта матч 31-шілдеде Кишенев қаласында болады.
Давид Лория: әлем чемпионтына шығуымыз керек
Ұлтты құрама қалай да әлем чемпионатына шығуы керек. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір отандық футболды дамыту бағытында кешенді жұмыстар қолға алынды. «Ұлттық құраманың басы-қасындағы мамандар да жауапкершілікті жақсы түсінеді. Сондықтан олардың алдына қалай да Еуропа чемпионатына не Әлем чемпионатына шығу жөнінде тапсырма қоямыз», - деді Давид Лория «Спорт Пульс» ютуб арнасына берген сұхбатында. Ал, федерацияның қазіргі басшылығы өз тарапынан олардың бапкерлердің біліктілін жетілдіруге және спортшыларға қажетті жағдайды жасауға барын салмақ. Бұған қоса, Лория ұлттық команданың жас ойыншылармен толығып жатқанындығын алға тартты. Бұл фактор да жоғарыдағы мақсатқа жетуде негізгі рөлді атқарады деп сөзін түйіндеді.
Давид Лория, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы:
-Ұлттық құрамаға жаңа есімдер келіп жатыр. Әсіресе, 16 жастағы Дастан Сәтпаевтың қосылуы үлкен үміт сыйлайды. Одан басқа да жас жігіттер бар. Тағы бір айта кетерлігі, қазір алыс-жақын шетелдерде доп тебетін қазақ жігіттері көбейіп келеді. Осының барлығын негізге ала отырып, алдағы әлеуетіміз жоғары екенін айтқым келеді. Сондықтан, әр матчта барымызды салып, мүмкіндікті жіберіп алмау маңызды. Қалай да Еуропа чемпионатына не Әлем чемпионатына шығу жөнінде тапсырма қоямыз.
Қоржынымызға қос қола медаль түсті
Қоржымызға қос қола түсті. Германияның Рейн-Рур қаласында студенттер арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні дзюдо бойынша медалдьдар сарапқа салынды. Оған 60 елден 400-ге жуық спортшы қатысқан болатын. Араларында қазақ қыз-жігіттері де бар. Жазғы универсиадаға бас-аяғы 13 дзюдошымыз аттанды. Оның ішінде Аман Бақытжан мен Нұрқанат Серікбаев жлүдеге ілікті. Аман 60 келіде, Нұрқанат 66 келіде үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастика және таэквондо бойынша спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтерілген еді. Қазақстан құрамасы бүгінге дейін 11 медаль жеңіп алды. Оның біреуі – алтын, қалғаны – қола. Соның арқасында жалпы командалық есепте 23-сатыда тұрмыз. Топ басында АҚШ командасы. Одан кейін Қытай және Оңтүістік Корея құрамалары келеді. Қоржынымыздағы медальдар саны тағы да арта түсуі мүмкін. Рейн-Рур қаласындағы жазғы универсиада 27-ші шілдеге дейін жалғасады.