«Семей батыры» турниріне 20-дан астам спортшы қатысты

Семейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «Семей батыры» турнирі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 20-дан астам спортшы қатысты. Бағдарламада ауыр қап көтеріп жүруден бастап гір тасын жұлқа көтеру, фермерлік серуен мен дөңгелек аудару секілді ауыр жаттығулар болды. Ең қызығы, спортшылар автобусты белгілі бір қашықтыққа сүйретіп күш сынасты. Турнирде жеңіске жеткен палуандар бағалы сыйлықтар мен қаржылай жүлделерге ие болды. «Семей батыры» – тек спорттық бәсеке ғана емес, бұл – ұрпаққа үлгі болып, жігітке жігер сыйлайтын шара», - дейді ұйымдастырушылар.

Қуат Исажанов, Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а.:

- «Семей батыры» қалалық турнир осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін қаламыздың спортшыларының арасында ғана өткізілген. Қазіргі таңда осы мерекеге арнап Қазақстанның түпкір-түпкірінен спортшылар шақырылды. Семей қаламыздан 7 спортшы, Өскемен қаласынан, Павлодар қаласынан 3 спортшы қатысып отыр.