Чемпиондар лигасы: «Қайрат» жеңіске жетті

«Қайрат» футбол клубы Словакиядан келген «Слованды» жеңді.

Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші ойыны Алматыда өтті. 90-минутта пенальтимен жалғыз голды Дастан Сәтпаев соқты. Енді қарымта ойын 12 тамызда Братиславада өтеді.