Ұлбосын Әділова XII Дүниежүзілік ойындарында алтын медаль жеңіп алды
Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір алтын түсті, деп хабарлайды 24kz.
Жауынгерлік самбодан 80 келіде бақ сынаған Ұлбосын Әділова ақтық сында әлем чемпионатының жүлдегері Мавлуда Абдуллаевамен жолығып, қылқындыру әдісімен айқын жеңіске жетті. Бұл – Дүниежүзілік ойындарының екінші алтын медалі. Бұған дейін джиу-джитсудан файтинг бөлімі бойынша Жәнібек Әбубәкір чемпион атанған болатын. Ал Маратбек Рахметолин күміс жүлдені місе тұтты. 64 келіде белдескен жерлесіміз финалда 7 дүркін әлем чемпионы, бейтарап спортшы Шейх-Мансур Хабибуллаға есе жіберді. Осылайша, 32 жылдан кейін Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына қайта енген жауынгерлік самбо жарысын жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс медальмен аяқтады.