Елордада пара волейболдан ашық турнир өтіп жатыр
Елордада спорт күніне орай тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында параволейболдан жарыс өтіп жатыр.
Тартысты ойында 3 команда бақ сынауда. Турнир инклюзивті спортты дамытуға, ерекше қажеттілігі бар азаматтардың қоғамға бейімделуіне және белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған. Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, медальдармен марапатталады.
Медеу Әбенов волейболдан ерлер және әйелдер құрамасының жаттықтырушысы:
- Бізде Астана қаласында 16 әйелдер және 18 жігіттер бар отырып ойнау волейболын ойнайтын. Әйелдер командасы, ардагерлер командасы қырықтан асқан азаматтар және жастар командасы деп үш команда ойнаймыз. Түп мақсаты - жас спортшыларды спортқа тарту, көрерменге бізде волейболды отырып ойнау бар екенін көрсету және спортпен шұғылдануға шақыру.