Едіге Қасымбек әлем чемпионы атанды
Едіге Қасымбек – әлем чемпионы. Болгарияның Самоков қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы дүниежүзілік дода жалғасып жатыр.
Алғашқы жарыс күндері қоржынымызға алтын медаль түсті. Оны 125 келіде өнер көрсететін Едіге Қасымбек жеңіп алды. Едіге финалда ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадпен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді. Қорытынды есеп: 4:1. Едігенің алтынын тарихи жетістік деуге де болады. Өйткені тәуелсіздік алған жылдардан бері дәл осы салмақта жастар арасындағы әлем чемпионымыз болмады. Бұған қоса, дәл осы жарыс аясында 97 келідегі Самир Дурсунов пен 74 келідегі Досжан Құлғайып қола жүлде еншіледі. Жалпы алғанда биылғы әлем чемпионаты біз үшін сәтті басталып жатыр. Енді бозкілемге әйелдер күресі және грек-рим күресінің шеберлері шығады. Еліміз атынан бас-аяғы 29 спортшы бақ сынайды. Самоков қаласындағы жарыстың жалпы қорытындысы 24 тамызда белгілі болады.
Бокстан ұлттық құрама жасақталды
4 әлем чемпионы ел намысын қорғайды. Бірер аптадан кейін бокстан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты басталады. Биылғы дүниежүзілік доданы Англияның Ливерпуль қаласы қабылдайды. Осы тұрғыда Қазақстан бокс федерациясы жарысқа қатысатын жігіттердің есімдері жариялады. Ерлер арасында Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Нұрбек Оралбай және Бекзат Нұрдәулетов тізімге ілікті. Төртеуі де бұған дейін әлем чемпионы атанған болатын. Сәйкесінше, енді төртеуі де екі дүркін чемпион атана алады. Бұған қоса, ерлер командасында төрт бірдей дебютан бар. Яғни, 60 келідегі Бибарыс Жексен, 65 келідегі Ертуған Зейнуллинов, 70 келідегі Төрехан Сабырхан және 75 келідегі Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатына алғаш қатысқалы отыр. Айта кету керек, 60 және 65 келіде спаррингтер ұйымдастырылып, Англияға баратын жігіттер іріклініп алынды. Аты аталмай қалған қос боксшы бар. Ол 90 келідегі Сағындық Тоғамбай мен 90+ келідегі Айбек Оралбай. Екеуі де тәжірибеклі жігіттер. Сағындық екінші рет, Айбек үшінші рет әлем чемпионатына қатысқалы отыр. Айта кетейік, Ливерпуль қаласындағы дүниежүзілік дода 4-14 қыркүйек аралығында болады.
Бокстан ұлттық құрама жасақталды
Назым төрт дүркін әлем чемпионы атана алады. Бокстан Ливерпульде өтетін дүниежүзілік додаға қатыстатын қыздар құрамасы да жарияланды. Елдос Сапидалин баптайтын бұрымды боксшылар алдағы жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр. Ел намысын қорғайтын қыздардың тізімін назым қызайбай бастап тұр. 48 келіде өнер көрсететін команда капитаны бған дейін үш рет әлем чемпионы атанып, отандық бокс үшін тарихи нәтиже тіркеп еді. Енді Англиядағы байрақты бәсекеде өз рекордын өзі жаңартып, тағы да тарихты жаңғырта алады. Бұған қоса,51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Элина Базарова, 57 келіде Карина Ибрагимова, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева, 70 келіде Наталья Богданова, 75 келіде Надежда Рябец, 80 келіде Гүлсая Ержан, ал, аса акыр салмақта Елдана Тәліпова шаршы алаңға шығады. Қыздардың бәрі тәжірибелі. Әсіресе, Алуа мен Аида бұған дейін, тіпті, әлем чемпионы да болды.
Сұрмергендердің Азия чемпионаты басталды
Азия үздері Шымкентте бас қосты. Бұнда спорттық ату түрлерінен құрлықтық дода басталды. Биылғы Азия чемпионатына 27 елден 800-ге жуық сұрмерген жиналды. Енді олар екі апта бойы өзара мықтыны анықтайды. Айта кетейік, жарыс 2 негізгі бағыт бойынша болады. Яғни, ашық аспан астында стенд ату және жабық спорт кешенінде оқпен ату бәсекелері ұйымдастырылады. 3 бірдей жас деңгейі қамтылған. Жасөспірімлер, жастар және ересектер сынға түседі. Сарапқа салынатын медальдар саны – 700. Қазақстандық қыз-жігіттер үшін өз елімізде өтіп жатқан жарыс тәжірибе жинап, шеберлік шыңдауға жақсы мүмкіндік. Бұған қоса, әрине, мамандар ұлттық құрамадан жоғары, тіпті, тарихи нәтиже күтеді.
Республикалық жарыста топ жарды
Жас чемпиондарға қызыл кілем жайылып, ерекше құрмет көрсетілді. Бірер күн бұрын Алматы облысының Қонаев қаласында футболдан балалар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл 11 жасқа дейінгі өрендердің алғашқы ресми жарысы. Оған бас-аяғы 15 команда қатысып, араларынан Астана құрамасы жеңімпаз атанды. Ал оның сапындағы Айтуар Бейсенов «Үздік қақпашы», Парасат Алдаберген «Үздік шабуылшы» атанды. Жас чемпионарды Астана вокзалынан туыстары мен достары күтіп алды. Айта кету керек, елордадағы №8 спорт мектебі болашақ чемпионарды даярлауға ерекше көңіл бөледі. Соңғы бір жылдың өзінде жаттығу әдістемесін жаңартып, бапкерлері шетелдерде біліктілік арттырды. Балалары да осылай әртүрлі деңгейдегі жарыстарға тұрақты қатысады.