Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық жарысы басталды 

Астанада боччадан халықаралық турнирі басталды.

Әлемдік деңгейдегі сайыс елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Онда әлемнің 12 елінен келген 50-ден астам адам бақ сынайды. Қатысушылар арасында Біріккен Араб Әмірліктері, Корея, Сингапур, Италия және Үндістан сынды елдердің параспортшылары бар. Мамандар бұл жарыстың ұлттық құрама үшін маңызы зор екенін айтады. Себебі қатысушылардың көрсеткішіне қарай 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына қатысуға жол ашатын рейтингтік ұпай беріледі. 

Нұргүл Ұлжекова, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы:

- Жеке жарыстар өтеді бүгіннен бастап 25-не дейін және 27-не жұптық командалық жарыстар болады. Біздің параспортшылар үшін бұл челленджер өте маңызды. Өйткені әр жүлде келе жатқан паралимпиада ойындарда қосымша ұпай алуға мүмкіндік береді.