Үстел теннисі: Зәуреш Ақашева Болгариядағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева Пангарюште (Болгария) өткен WTT Feeder Panagyurishte турнирінде қола медаль иеленді.

Турнир барысында Ақашева Мириам Карновалені (Италия) 3:1 есебімен, Доминика Вильчковоны (Словакия) 3:0 есебімен және Шима Сафаэиді (Иран) 3:2 есебімен жеңді. 

Сондай-ақ украиналық Анастасия Димитренкоға 1:3 есебімен есе жіберген. Нәтижесінде Зәуреш үшінші орынға табан тіреді. 

Турнирге қатысқан қазақстандықтар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:

 Жанерке Көшкімбаева (жекелей сайыс), 

Владислав Захаров/Дайто Оно (Қазақстан/Жапония, жұптық сайыс), 

Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Миркадирова (жұптық сайыс), 

Жанерке Көшкімбаева/Элина Рахими (Қазақстан/Иран, жұптық сайыс), 

Ескендір Харки/Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).

Olympic.kz