«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Реалмен» Алматыда ойнайды
Алматылық «Қайрат» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған жеребе тарту нәтижесінде мадридтік «Реалмен» бір топқа түсті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық және испандық клуб арасындағы матч Алматыда өтеді.
Айта кетейік, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды. Қазақстандық клубтың жалпы кезеңге дейінгі жолы әсерлі жеңістермен есте қалды: словениялық «Олимпияны» (екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1), финдік «КуПС»-пен ойында камбэк (3:2), словакиялық «Слованды» (1:1, пенальтиде 4:3) және шотландиялық «Селтикті» (0:0, пенальтиде 3:2) сенсациялық түрде жеңіп өтті.