Қызылордада жаңа стадион ашылады

13 қыркүйекте Қызылорда қаласында 11 мың орындық алып стадион ашылады.

Жоба құны 126,5 млрд теңгені құрады. Нысан жыл 12 ай жұмыс істейді деп жоспарланған. Кешен олимпиадалық спорт түріне арналған 7 залмен жабдықталған. Онда бокс, спорт гимнастика, күрес, таэкхвандо, ауыр атлетика, фитнес залдары бар. Мұнда балалар жыл бойы үздіксіз жаттыға алады. Жалпы нысан халықаралық стандарттарға сай салынған. Қызылорда облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевтың айтуынша, стадионда футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі өтеді деп жоспарланған.

Бахтияр Артаев, Қызылорда облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы:

- Стадионның ерекшелігі жасыл алаңы UEFA талаптарына сай, заманауи төменіштермен жабдықталған және соңғы үлгідегі жарықтандыру жүйелері орнатылған. Бұл өз кезегінде әлемдік додалар мен мәдени спорттық іс шараларды жоғары деғңгейде өткізуге мол мүмкіндік беретін болады.