«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына болжамдар айтылды

Қайраттың Чемпиондар лигасы аясында әйгілі Реал Мадридтен 1 ұпай алуға мүмкіндігі бар.

Кейбір отандық спорт сарапшылары осылай пайымдап отыр. Себебі Корольдік клубтың ойын күнтізбесі өте тығыз әрі Алматыға дейін 8-10 сағат аралығында ұшып келеді. Мұның бәрі қарсыластарға кері әсер етеді дейді, мамандар.

- 6430 шақырым. Әйгілі «Реал Мадрид» Алматыға жету үшін осынша қашықтықты еңсеру керек. Бұл корольдік клуб үшін топтағы ең ұзақ әрі қолайсыз сапар. Тікелей рейспен ұшқанның өзінде әуеде 8-10 сағат уақыт кетеді.

Ербол Қайыров, спорт журналисі:

- Олар міндетті түрде алғашқы турлардан бастап ұпай алуға тырысады. Сондықтан Реал негізгі құраммен келеді деген пікірдемін. Бірақ 28-і Атлетикоға қарсы мадридтік дерби өткізеді. Дегенмен, Брайм Диаз, Камавинга, Лунин сияқты футболшылар міндетті түрде келеді. Және меніңше Реал 60-70 пайыз негізгі құраммен шығады. 

Иә, Реалдың ойын кестесі өте тығыз. Қыркүйектің 24-і ішкі біріншілікте “Левантеге” қарсы ойнаса, 28-і “Атлетико Мадридпен”, 30-ы Алматыға келеді. Ал 5 қарашада Вильярреалмен кездеседі. Осы тұрғыда “Қайратқа” жеребе жолдас болды дейді, сарапшылар.        

Ербол Қайыров, спорт журналисі:

- Міндетті түрде алаңға шыққанда кем дегенде 1 ұпай алуға тырысамыз. Бәрі де мүмкін. Қайрат міндетті түрде соңына дейін ойнайды. Спортингке, Олимпиакосқа, Копенгагенге қарсы ұпай алуға болады. Менің пікірімше, 4-5 ұпай алатын шығармыз.  

Нұрсұлтан Құрман, Қазақстан футзал қауымдастығының президенті:

- Менің ойымша, Қайрат өз алаңында ойнайтын соңғы турдағы ойындар бар ғой сол жерде ұпай алады деп ойлаймын. Біздің клуб болғанан кейін барлық матчта жеңгенін тілейміз ғой. Салқынқандылықпен қарайтын болса Пафос, Копенгаген, Брюггемен жақсы ойнауға болады. Енді Спортингпен қонақта ойнаймыз. Арсеналмен қиын болады. Реал турдың соңында ойнаған кезде ұпайлар түгел болған кезде ұпай алып кетуге болар еді.

Қайрат сырт алаңда Алматыдан Лиссабонға Спортингпен ойнау үшін 7 000 шақырым ұшып барады. Бұл чемпиондар лигасы тарихындағы рекордтық қашықтық. Сондай-ақ, алматылық ұжым Лондондық Арсеналға 5 600 шақырым, Миландық Интерге 5 100, Копенгагенге 4 700 шақырым ұшады.

Джузеппе Маротта, “ИНТЕР” ФК президенті:

- «Біз үшін “Қайратпен” өз алаңымызда ойнаудың сәті түсті. Өте қуаныштымыз. Әйтпесе 7 сағаттық сапар айтарлықтай ауыр. “Реалдың” сонда баруына мәжбүр екенін байқадым. Сондықтан біз қарсыласты “Сан-Сиро” стадионында қабылдайтынымызға дән ризамыз». 

Айта кетейік, Қайрат негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын сырт алаңда 19 қыркүйекте Спортингке қарсы өткізеді. Егер сол матчта Дастан Сәтбаев көзге түссе, чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас футболшы атанады. Яғни 17 жас 38 күнге келіп тұр. Әзірге бұл көрсеткіш барселона ойыншысы Ансу Фатидің еншісінде. Ол 17 жасқа толып, 40 күннен кейін гол соққан. 

Мерей Қанапия, Асхат Қарақойшиев