Ұлттық құрама Бельгияға қарсы ойнайды
Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Бельгиямен ойнайды.
Ойын Астана уақыты бойынша түнгі 23:45-те басталады. Матч қарсаңында Қазақстан құрамасы бірқатар кадрлық мәселелерге тап болды. Мысалы, жарақатына байланысты Еркін Тапалов пен Бахтиер Зайнутдинов кездесуге қатыспайды. Сондай-ақ ескертуіне байланысты Сергей Малый да Қазақстан құрамасына көмектесе алмайды.
Ғалымжан Кенжебек, Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы:
- Екі күннің ішінде дайындалып үлгердік. Ойыналды жаттығуымызды жасаймыз. Қаншалықты дайын екенімізді ертен көре жатармыз.