9 қыркүйек – Дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні

Ол ЮНЕСКО аясында бекітілген. Осыған орай елдегі барлық оқу орындарында тоғызқұмалақтан онлайн-сайыстар өтті, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінде әлем елдерінде интеллектуалды ойынның бұл түріне сұраныс артқан.

Атап айтсақ, тоғызқұмалақтан 7 дүркін әлем чемпионаты, 6 рет Азия біріншілігі жалауын түрді. Зерттеушілердің айтуынша, 4000 жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ заман ағымына сай дамып үлгерді. 100-ден астам мемлекеттің әуесқойлары оны онлайн режимде ойнайды.