Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяға есе жіберді

Қазақстан теннис құрамасы Дэвис кубогына іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды 24kz.

Ойын Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтті. Корт иелері жалпы есепте 3:1 есебімен басым түсті. Қазақстан сапында Александр Бублик, Александр Шевченко, Тимофей Скатов және Дмитрий Попко өнер көрсетті. Бублик Квон Су Вонмен өткен ойында жамбасынан жарақат алып, жарыстан шығып қалды. Жұптық кездесуде Александр Шевченко мен Тимофей Скатов кореялық қарсыластарына есе жіберді. Шешуші ойында Хён Чон Дмитрий Попконы 6:3, 7:5 есебімен ұтып кетті.

Қуаныш Майлахан, Чхунчхон қаласының тұрғыны:

- Ойын ұнап отырған жоқ. Мен ойлағанмын, ұтамыз деп. Өте жеңіл өтіп кетеміз деп ойлағанмын. Бірақ әзірі ұтылып отырмыз.

Думан Орынғалиұлы, жанкүйер:

- Бүгінгі ойын өте қызық. Корея командасы өте жақсы деңгей көрсетуде, бурақ біздің жігіттер де денелері биік. Білмеймін сәті түспеген шығар.

Пэ Сон Ён, Пёнтэк қаласының тұрғыны:

- Мен Александр Бубликке жанкүйер болуға келдім. Оның ойындарын 5 жылдан бері бақылап келемін және Қазақстанға да барғанмын. Өкінішке қарай, ол Кореяда жарақат алып қалды. Енді оның тез сауығып, келесі ойында үздік өнер көрсеткенін қалаймын.