«Қайрат» - «Реал Мадрид»: есеп 0:5

Ойынның соңғы минуттарында Реал Мадрид бесінші голын салды. Үш голдың авторы Килиан Мбаппе.

Алғашқысы ойынның 24-минутында пенальти нәтижесінде болса, кезекті гол 50-ші минутта Қайрат қақпасын дәл көздеді. Ал үшінші гол 73 минутта салынды. Төртінші допты 83 минутта Эдуардо Камавинга алматылық клубтың қақпасына сүңгітті. Ал соңғы минуттарда Браим Диас салды. Жалпы қос тараптың да есепті еселеуге бірнеше мүмкіндігі болды. Екінші таймда алматылық клубтың ойыншылары Валерий Громыко мен Офри Арадқа қызыл қағаз берілді. Бұған дейін тек ауызша ескерту жасалған еді.