Исламиада-2025: дзюдошы Айдар Арапов қола жүлдегер атанды

Фото: Нұрғали Жұмағазы

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Айдар Арапов Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол 90 келіге дейінгі салмақта үшінші орын алды.

Қола жүлде үшін өткен белдесуде қазақстандық балуан Мухамеджон Абдужалилзаданы (Тәжікстан) жеңді.