No comment: Олимпиада алауы Веронаға жетті
Олимпиада алауы Италиядағы Верона провинциясына жетті.
Эстафета 6 желтоқсанда Рим қаласында басталған. Содан бері Олимпиада алауы елдің мәдени және тарихи маңызды орындарын аралауда. Осы уақытқа дейін Сардиния мен Сицилия аралдарында, сондай-ақ Неаполь және Бари қалаларында болып, 12 мың шақырымды артқа тастады. Эстафета 6 ақпан күні Миландағы «Сан-Сиро» стадионында мәресіне жетеді.