XXV қысқы Олимпиада басталады

Бүгін Италияда 25-ші қысқы Олимпиада ойындары басталады. 93 елдің 3 мыңнан астам атлеті спорттың 16 түрі бойынша бақ сынайды.

Бұл ойындардың ерекшелігі - тарихта алғаш рет жарыстар 2 қалада өтеді. Милан олимпиаданы тұңғыш рет қабылдап жатыр. Ал Кортина-д’Ампеццода сайыстар 70 жыл бұрын өткен. Бірлік рухын бейнелейтін егіздер Тина мен Мило жарыс символына айналды. Бүгін кешенді сайыстың ресми ашылу салтанаты өтеді. Ал командалық спорт түрлеріндегі іріктеу сайыстары 4 ақпанда басталып кетті.