Елизавета Голубева: Нәтижеме ризамын
Қазақстандық конькимен жүгіруші қыздар Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында үздік ондыққа енді.
Бұл спорт түрінде ел намысын Надежда Морозова мен Елизавета Голубева қорғады. Қатысушылар 3000 метр қашықтықты еңсеру керек болды.
Сондай-ақ Ақ Олимпиаданың алғашқы күнінде шаңғы жарысынан медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық скиатлонға Қазақстан құрамасынан Надежда Степашкина мен Ксения Шалыгина қатысқан еді. Дегенмен отандастарымызға сәттілік серік болмады.
- Елизавета Голубева, Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі:
- Нәтижеме ризамын. Бұған дейін мұндай уақыт көрсеткен емеспін, бірақ бұл жолы қашықтықты үлкен қуанышпен жүгіріп өттім. Жанкүйерлеріміз өте көп болды. Билет бағасының қымбаттығына қарамастан, барлық орындардың толы болғанына таңғалдым, қолдау өте қатты сезілді. Жалғыз ғана айырмашылық – мұз жарыс алдындағы сырғанаумен салыстырғанда өзгерді, ауа райы жылырақ болды, соның салдарынан мұз сәл тұтқырлау сезілді. Бұл – конькимен жүгірушілер үшін өте маңызды.