М. Шайдоров алғашқы жаттығуын жасады

Михаил Шайдоров Олимпиада ойындары алдындағы алғашқы жаттығуын жасады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарысқа бейімделу үшін Милан аренасын тексеріп, мұзды сезініп көрді. Жерлесіміз жарыс жолына ертең шығады. Ерлер арасындағы бұл додаға 24 елден 29 спортшы қатысады. Айта кетейік Милан мұз айдыны Олимпиада ойындарының шорт-трек және мәнерлеп сырғанау жарыстарын өткізеді. 12 мыңға жуық көрермен сыятын бұл арена Еуропаның жетекші спорт нысандарының бірі.