Елімізде қысқы олимпиадалық спорттың 13 түрі қарқынды дамып келеді

Бұған инфрақұрылымның үлесі мол. Айталық, елде қысқы спорт түрлеріне арналған 1 262 спорт нысаны бар.

Ал жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 150 мыңға жетіп қалды. Спорт мектептерімен қамтылған балалар мен жасөспірімдер саны 17 мыңнан асады. Бұл ретте ұлттық құраманы жасақтау халықаралық жарыстардағы нәтижелер бойынша жүзеге асырылады. Былтыр олимпиадаға сапалы дайындық мақсатында құрама 178 оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ спортшыларымыз 125 халықаралық жарыстарға қатысты. Қаржыландырудың жалпы сомасы 13,3 млрд теңгені құрады.