Қазақстандықтар Олимпиадада: жаңа жетістіктер мен сындарлы сәттер

Италиядағы қысқы Олимпиада ойындары жалғасуда. Қазақстан құрамасы әзірге бір алтынмен жалпы есепте 17-орында. Шаңғымен тұғырдан секіруде отандастарымыз 11-орынға тұрақтады, ал тау шаңғысында Ростислав Хохлов жарысты аяқтай алмады. Шорт-тректен Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша ширек финалға жолдама алды. Бүгін тағы бірнеше спорт түрінен қазақстандықтар сынға түседі.