Норвегия Олимпиадада үздік нәтиже көрсетті
Норвегия Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медальдардың саны бойынша рекорд орнатты.
Милан мен Кортинадағы жарыстарда ел құрамасы 18 алтын жүлде ұтып алған. Осыдан 4 жыл бұрын норвегтер 16 алтын иеленген еді. Сондай-ақ олар 12 күміс және 11 қолаға қол жеткізіп, жалпы медаль саны бойынша да үздік атанды. 32 жүлде, оның ішінде 11 алтын алған АҚШ екінші орынға табан тіреді. Олимпиада қожайындары – Италия спортшылары қанжығасына 30 медаль байлаған. Оның 10-ы – алтын.