К.Герасименко үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Турнирде ұлттық құрама көшбасшысы Кирилл Герасименко жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ, olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Ол ел біріншілігінде үш алтын медаль жеңіп алды: жекелей сында, жұптық бәсекеде және аралас жұптар арасында топ жарды.