Әсем Орынбай стенд атудан рекорд орнатты
Стенд атудан Әлем кубогы кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты.
Алматы облысында өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медальді жеңіп алды. Финалда сәтті өнер көрсеткен Әсем Орынбай қарсыластарын басып озып, чемпион атанды. Іріктеу кезеңінен сегіз спортшы финалға жолдама алды. Олар бірнеше раунд бойы бақ сынады. Шешуші сәтте Әсем Орынбай Қытай өкілі Жианг Итингтен басым түсіп, жеңіске жетті. Әлем кубогы 10 мамырға дейін жалғасады. Жарысқа 43 елден келген 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр.