Дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирі мәресіне жетті

Астанада дзюдодан ((Qazaqstan Barysy Grand Slam)) Қазақстан барысы гранд слэм халықаралық турнирі мәресіне жетті.

Байрақты бәсеке ұлттық құрама үшін тарихи жеңіспен түйінделді. Қазақстандық спортшылар жиыны 8 медаль жеңіп алды. Оның  екеуі алтын, екеуі күміс, қалғаны қола. Атап айтсақ, 81 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Қайролла және 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марат Байқамұров турнир чемпионы атанды. Осылайша қазақстандық команда турнирді үздік нәтижемен аяқтады. Ал келер жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионаты өтетінін еске салайық.