«Астана» клубының ойыншылары ерекше балалармен футбол ойнады

«Астана» футбол клубының ойыншылары ерекше балалармен бірге доп теуіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осылайша 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ оларға бағалы сыйлықтар берілді. Ілкімді іс биыл үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жиынға 20 ерекше жас қатысты.

Айтуар Төкен, «Астана» ФК ойыншысы:

- Балалар күні соған орай кішкентай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Осы келе жатқан інілерімізге былай айтқанда көмек ретінде немесе мастер-класс ретінде көрсетуге келдік. Негізі бұл Астана футбол клубы мен «Сауап» қайырымдылық қоры әр жыл сайын осындай іс-шара өткізеді.

Абзалбек Сұлтанбек, ұйымдастырушы:

- Мүмкін осыларlың ішінен бір футбол жұлдызы шығар болашақта. Ауырып жатқан жеткіншіктеріміз жазылып кетер деген ниеттеміз. Енді қоғамның бір бөлшегі біз болғаннан соң балалар біздің болашағымыз болған соң біз де балалар күні мерекесінде шеттеп тұрып қала алмадық.