Дастан Сәтпаев «Челсидегі» алғашқы жаттығуын өткізді
Дастан Сәтпаев «Челси» cапындағы алғашқы жаттығуын өткізді.
17 жастағы шабуылшы “Ақсүйектердің” қатарына қосылу үшін күні кеше Лондонға аттанған болатын.
Клубтың бас бапкері болып тағайындалған Хаби Алонсо жақында Англияға арнайы ұшып келіп, отандасымыздың болашағына қатысты нақты шешім қабылдайды.
Дастан Сәтпаев “Челси” сапындағы жаттығуын бастап кетті. Кеше жас шабуылшы жаңа әріптестерімен бірге Кобхем базасына барып, маусым алдындағы дайындығын пысықтады. Тарихи сәттің кадрларын “Қайрат” футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Онда қазақ балалары әлемнің небір атақты клубтарында ойнай алатын мүмкіндігі бар екенін дәлелдедік дейді.
ЦИТАТА
Қайрат Боранбаев, “Қайрат” ФК Президенті
- Лондонға сапар барысында “Челсидің” Кобхемдегі жаттығу базасына барып, Дастанмен жүздесудің сәті түсті. Ең бастысы – оның көңіл-күйі жақсы. Жаңа ортаға тез бейімделіп, жаттығу процесіне бірден кіріскен. Қуантатыны – “Челсидің” талаптары мен жұмыс қағидалары оған таңсық емес. Өйткені “Қайрат” академиясында біз бірнеше жыл Еуропаның үздік әдістемелерін кезең-кезеңімен енгіздік. Сондықтан оның жаңа ортаға тез бейімделіп кететініне сенімдімін.
Дастан Сәтпаевтің алдағы болашағын “Челсидің” бас бапкері Хаби Алонсо шешеді. Испандық маман 9 шілдеде ресми түрде жұмысына кірісіп, жаңадан алынған жас футболшыларды сырттай бақылайды. Сол кезде ғана отандасымыздың негізгі құрамда ойнау-ойнамауы белігілі болады. Осы орайда отандық сарапшылар былай пайымдап отыр.
Ернұр Дүйсенғазы, футбол сарапшысы, комментатор:
- Дастанның көңіл-күйі және Қазақстан премьер-лигасының қызған шағында баруы Челсиге баруы оған үлкен артықшылық болып тұр. Өйткені Дастан қазір бабында жүр және Челсидің Кобхэмдағы жаттығу базасында біраз дайындықтан өтеді. Яғни Челсидің құрамына енген әлемдегі 20 шақты футболшының барлығының басын қосады Хаби Алонсо. Ол осында үздік өнер көрсеткендерді Аустралиядағы негізгі оқу-жаттығу жиынына алып кетеді.
Әзірге Дастанның өз әлеуетін толыққанды көрсететін мүмкіндігі бар. Себебі “Челсидің” негізгі құрамындағы ойыншылардың басым бөлігі қазір әлем чемпионатында доп теуіп жүр. Егер Алонсоның көзіне түскен жағдайда шілде айының аяғында Аустралиядағы негізгі оқу-жаттығу жиынына аттанады. Әрі қарай “Ювентус”, “Милан”, “Тоттенхем” секілді алпауыт клубтармен жолдастық кездесу өткізеді.
Ернұр Дүйсенғазы, футбол сарапшысы, комментатор:
- Негізі Хаби Алонсо Дастанды өте жақсы таниды. Өйткені Реал Мадридпен Алматыға келген кезде Қайраттың құрамындағы бір ғана ойыншыны зерттегенін матчтан кейнгі баспасөз отырысында айтты. Дастан – жас талант, өте жақы ойыншы деген. Және Хаби үшін Дастанды ашу оңайға түсетін секНегізгі құрамнан орын таппаса Челсидің 2-командасы бар U-21. Ол жақта да ойын практикасын арттырып, Челсидің негізгі құрамына келсе болады. Мысалы, Челсидің қазіргі жұлдыздары U-21 сапында ойнаған.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев былтыр Қазақстан премьер-лигасында 14 гол соқса, биыл 8 голымен көзге түсіп, Қайратпен маусымның ортасында қоштасқан болатын. Оны лондондық “Ақсүйектер” 4,3 млн еуроға сатып алды. Келісімшарт мерзімі 5 жыл.
Мерей Қанапия, Жандос Битабаров