Испандар туған күн тойлатты

Санаулы сағаттардан кейін әлемдік доп додасының алғашқы жартылай финалдық ойыны өтеді. Яғни, еуропалық дербидің куәсі боламыз.

Франция мен Испания осыған дейін жасыл алаңда бір емес бірнеше рет жолыққан. Әзірше таразы басы Испания жақта. Ойын алдындағы командалардың көңіл күйі жаман емес. Екеуі де тас-түйін дайын отыр.

Рас, бүгін бір сұрапыл ойын болғалы тұр. Өйткені жасыл алаңға шығатын жігіттердің осалы жоқ. Барлығы сен тұр мен атайын футболшылар. Одан бөлек екі мықты бапкердің тактикалық айқасына куә боламыз. Испандар өзіне сенімді. Соңғы құрлық біріншілігінде және ұлттар лигасында  Француздардың аяғына тұсау салған қызыл фурия бүгінде жеңіске жетеміз деп отыр. Испания сапындағы жас жұлдыз Ламин Ямаль кеше 19 жасқа толды. Дәл осы күні жартылай қорғаушы Виктор Муньостың да туған күні екен, командаластары торт әзірлеп екі футболшыға ерекше құрмет көрсетті.  Ертеңгі ойында жеңіске жетсек, сыйлықтың төресі сол болады- деп, туған иелері де тебірене сөйледі. 17 жасында Француздардың қақпасына гол соғып матчтың үздік ойыншысы атанған  Ламин Ямаль бүгінде үш жолықтардың қақпасынан саңылау табамын деп отыр.

Франция фаворит!

Бірақ Испан жұлдыздарымен Киллиан келіспейді. Бүгін таблодан тек  Мбаппенің есімін көресіздер - депті. Сөзінің жаны бар. Киллианға көсілетін кез келді. Төрт жыл бұрын сәттілік серік болмады десек,  құрлық жарыстарында қызыл фурияға есе жіберді. Киллиан кеткелі ПСЖ екі рет чемпиондар лигасында топ жарды. Реал жейдесін кигелі Ли Лига тәжі бұйырмай тұр. Енді осы мундиальдан құры қол қайтып жатса, Мбаппе үшін бір өкініштің болары анық. Сондықтан бүгін аянып қалмасы анық. Жарақатынан айыққан Орельен Чуамени  алғашқы минуттардан алауға шығуы әбден мүмкін. Бірақ бас бапкердің  не ойлап отырғанын  әзірше білу мүмкін емес. Ақылды бапкер Испанияға қарсы тосын сый дайындап отыруы да ғажап емес. Дедье Дешам футболшы және бапкер ретінде әлем чемпионы атанған үшінші адам. Осы мундиальдан кейін ұлттық құрама тізгінін өткізіп береді. Сондықтан үш жолақтылар бүгін Дешам үшінде демалмай жүгіруге дайын.     

Елге барып та ескек есті

Норвегиялық футболшыларды жергілікті жұрт зор қошаметпен қарсы алды. Кароль сарайының аумағына жиналған 100 мыңнан аса жанкүйер жылы лебіздерін аяған жоқ. Расында бұл жігіттер осыншама қошаматке әбден лайық еді. Олардың әрбір ойыннан кейін отыра қалып ескек ескен сәттері ел есінен әлі кете қойған жоқ.  Бразилия секілді айдарынан жел ескен мықтыларды аяқтан шалып, азулы Ағылшындарды да тығырыққа тіреп еді. Бірақ тәжрибе мен сәттілік жетіскен жоқ. Десе де Норвегияның намысты ұлдары халқының ыстық ықыласына бөленіп, алғысын алды. Футболшылар әлгі ескек есуді еліне келген соң да жасап Осло қаласын шаттыққа бөледі. Бұл шараға тек Эрлинг Холланд қатысқан жоқ демесеңіз өзгелері жұртпен бірге той тойлады.