Едіге Қасымбек Будапештегі рейтингтік турнирдің жеңімпазы атанды
Венгрияның Будапешт қаласында өткен еркін күрестен рейтингтік турнир аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Едіге Қасымбек финалда польшалық Камиль Томаш Косьчолекті жеңіп, турнир чемпионы атанды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрес бәсекесін 2 алтын, 1 күміс және 4 қола жүлдемен, жалпы жеті медальмен қорытындылады.
Бұған дейін Асыл Айтақын (61 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Әділет Әлмұхамедов (61 келіге дейін), Нұрданат Айтанов мен Мейрамбек Қартбай (57 келіге дейін), сондай-ақ Начын Куулар (65 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Сонымен қатар Будапештте әйелдер күресінен де рейтингтік турнир басталды. Жарыстың алғашқы күнінде 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зейнеп Баянова қола медаль жеңіп алды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз