Алматыда халықаралық турнир басталды
Алматыда халықаралық «Kunanbayev Cup» турнирі басталды. Қатысушылар Қытайдың ежелгі Го ойынында бақ сынайды.
Биыл айтулы доданың ауқымы кеңейіп, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Корея және Біріккен Араб Әмірлігінен 60-тан аса ойыншы жиналды. Го - әлемдегі ең көне әрі күрделі логикалық үстел ойыны. Онда тепе-теңдік пен келісім сақталуы тиіс. Жарыстың жүлде қоры - 10 мың доллар. Үздіктер ақшалай сыйлыққа ие болады. Турнир үш күнге жалғасады.
Ринат Амангелді, Го мектебінің директоры:
- Біздің миссиямыз – 1 пайыз Қазақстанның балаларына, үлкендеріне Го ойынын үйрету. Біз Го ойнауға 4 мыңнан астам адамды үйреттік. Одан бөлек бізде балалар саны 700-ден астам балаларды үйреттік.