Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпиондық белбеуінен ресми түрде бас тартты
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO әлем чемпионы белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл ақпаратты Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) президенті Густаво Оливьери растады.
Жәнібек екінші орта салмақ дәрежесіне ауысу туралы шешім қабылдаған.
«Жәнібек Әлімханұлы маған салмақ дәрежесін көтеретінін хабарлады. Енді ол екінші орта салмақта өнер көрсетеді. Ал Дензел Бентли толыққанды WBO чемпионы мәртебесіне ие болды», – деді Оливьери.
Осылайша орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуі британдық Дензел Бентлиге өтті. Ол бұған дейін ұйымның уақытша чемпионы болған. Бұл атақты 4 сәуірде венесуэлалық Эндри Сааведраны жетінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп алған еді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз