Көкпар төрешілерінің семинары басталды

Көкпар ойындары ашық және әділ өтуі керек. Осы мақсатта Алматы облысына шетелдік төрешілер шақыртылып, халықаралық семинар өткізіліп жатыр. «Бұл көшпенділер ойындары – алдындағы маңызды жиын», - дейді мамандар. 

Ержигит Усаров, қырғызстандық төреші:

- Қазір осындай бастамалар қолға алынып, екіжақты байланыс нығайып жатқаны қуантады. Көкпар ережесіне қатысты жаңашылдықтармен танысып, жан-жақты талқылауға кірістік. Көшпенділер ойындары жоғары деңгейде өтеді деген үміттеміз.