Бірқатар танымал футболшы MLS лигаға ауысты
Мессиден кейін мұхиттың арғы бетіне барып доп тепкісі келетіндердің қатары арта түсті.
Осы жазда Роберт Левандовски мен Каземиро және Антуан Гризманн секілді есімдері елге таныс футболшылар МЛС лигасына ауысты. Жігіттер шау тартып қалғанымен әлі де жасыл алаңда ойқастайтын күш-қуаттары бар. Мысалы, кеше француз футболшысы Антуан Гризманн Сан Хосе - Орландо Сити кездесуінің үздік ойыншысы атанды. Атлетико сапындағы мансабын аяқтаған соң 35 жастағы шабуылшы Орландоның жейдесін киген болатын. Кеше осы команданың сапындағы алғашқы ойынын өткізген Антуан өзі гол салып қана қойған жоқ, әріптестеріне әдемі пас та бере білді. Нәтижесінде Орландо Сити 4:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Гризманн турнир кестесінің төменгі сатысына түсіп кеткен командасын енді төрге шығарғысы келеді.
АҚШ
Бәсекелестік арта түсті
Қазір МЛС лигасында бәсекелестік арта түсті. Әрбір команданың құрамында бір-бір жұлдыз бар. Солардың бірі Сон Хын Мин. Америкаға бір жыл бұрын келген кореялық аяқдопшы қазір кәдімгідей төселіп алған. Өткен маусымда 9 голдың авторы атанса, биыл голдарының санын 20-ға жеткіземін деп отыр. Сон өнер өнер көрсететін Лос Анджелес 17-турда Реал Солт Лейкті қабылдап 3:1 есебімен жеңіске жетті. Есепті корей шабуылшысы ашқан болатын. Үзіліске дейін Буанга есепті еселесе, екінші таймда Сон Хын Мин Йедлинді өз қақпасына гол соғуға мәжбүрледі. Есеп 3:0-ге жеткен соң алаң иелері сәл босаңдық танытып, қонақтар сапынан Лукас Энгель көзге түсті. Қорытынды есеп 3:1. Лос Анджелес батыс конференциясында турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді.
Испания
Карим «Барселона» жейдесін киді
Карим Адейеми енді Барселонаның намысын қорғайды. Каталониялық клуб неміс футболшысын Дортмунттың Боруссиясынан сатып алды. Трансфер құны 30 млн еуроның төңірегінде. Германияда туған 24 жастағы футболшының әкесі Нигерия, ал шешесі румын. Германия жастар құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Адейемиді бір кездері Ханси Флик ұлттық құрама сапына да шақыртқан. Енді міне Фликтің қол астына қайта оралды. Келісім-шарт мерзімі 2031 жылға дейін. Менің арманым орындалды. Көптеген командалардан шақырту түсті. Мен өз таңдауымды баяғыда жасап қойғанмын. Енді Барселонамен бірге биік белестерді бағындыру басты мақсатым, деп футболшы ағынан жарылды. Өткен маусымда Адейеми Боруссия сапында 28 ойында алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 7 гол соққан футболшы 4 асисстің авторы атанған.